ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Ерекше балалар әрқашан ерекше көзқарасты қажет етеді. Ал  бүгінгі қоғамда ерекше балаларды оқыту ерекшелік емес. Дамуында кемістігі бар балалар ата-анасының назарын арттыруды, білім беру мен оқытудағы ерекше көзқарасты ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардың көмегін  үнемі қажет етеді. «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектер күніне аясында «Мейірімділік» тақырыбында қайырымдылық іс-шара өткізді.Педагогикалық ұжым  ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнап үнемі түрлі іс-шара өткізуді  және ондай балаларды назарда ұстауды ешуақытта күн тәртібінен түсірген емес. Үйден оқитын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың көңіл-күйін көтеруді мақсат еткен ұйымдастырушылар бұл жолы қайырымдылық акциясы өткізуді ұйғарды.

«Қолымыздан келгенше балаларды оқшауландыратын кедергілерді алып тастап, олардың өз отбасыларына жақын болып, жақсы білім алып, қоғамдастыққа қатыса алатындай мүмкіндік жасауды іске асыру  - әр педагогтің асыл парызы» -дейді ұжым мүшелері.

Аталмыш акцияға мұғалімдер қауымы өз үлестерін қосып, бір кісідей қайырымдылыққа атсалысуды жөн көрді. Нәтижесінде 41000 (қырық бір мың теңге) теңге қаражат жиналды. Бұл қаражат әлеуметтік қолдауды қажет ететін бес оқушыға бөлінді. Олар 5 арнайы сынып оқушылары Сарыев Алдияр, Орынбасар Бақыт, 8 арнайы сынып оқушысы Оңғарбай Берік, 9 арнайы сынып оқушысы Өтеш Ақбота, 10 арнайы сынып оқушысы Құлжабаева Диана.

Мамандардың пайымдауынша, ерекше балаларды тәрбиелеуге ерекше жағдай жасалғанмен, ата-ананың белсенді қатысуынсыз оларға сапалы білім беру өте қиын екенін айтады.

Бұл орайда, әрине, ата-аналардың қажырлы еңбектері мен ұстаздардың біліктілігінің нәтижесін атап өтпеске болмас. Шара соңында  балалар үлкен қуанышқа бөленіп, ата-аналар  алғыстарын айтты.

«Әр бала - Алланың берген нұры» дегендей әр шаңырақтағы балаларымыздың амандығын тілеп,қайырымды жүректерге ізгілік пен адамгершілік ұялай берсе екен дейміз. Кісілікті ту етіп, көкірегі қаяу, жаны жаралы жанның көз жасын сүртіп, жылы сөзді аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып отырған «Animator_prokat_ozen» иесі Сейдова Гүлзира ханымға, «Bravo_zhanaozen шар» ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .