Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Ақтау қаласы, 17 шағын аудандағы “Халық Арена” спорт кешенінде 3-ші желтоқсан - “Халықаралық мүгедектер күні” және “Ақтау қаласына 60 жыл” мерейтойына байланысты “Балалар болсын бақытты” атты облысымыздың ерекше балаларының бейімдік спорт фестивалі өткізілді.
Фестивальдың қонақтарымен (Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Н. Сали, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д. Жумашева, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Р. Түгелбаева, “Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы” КММ-нің директоры М. Бейсенбаев, “Маңғыстау облыстық мүгедектердің дене шынықтыру жәнк спорт федерациясы” ҚБ-нің директоры Н. Кулушов, “Кеме жабдықтары және қызмет көрсету” ЖШС директоры Д. Донских, Маңғыстау облысының Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Т. Болатбаева) ашылу салтанатына арнайы келген Ақтау қаласының әкімі Ұ. Тналиев ерекше спортшыларға өте жақсы тілектер айтып, оларға сәттілік тіледі.
Фестивальға қатысушы ерекше балалар боччадан, голболдан, үстел теннисінен және шағын футболдан өнер көрсетті. Жаңаөзен арнайы мектебі оқушылары шағын футболдан жарысқа қатысқан
1.Жұмабай Ислам
2.Ялкабай Нұрасыл
3.Нұрдавлетов Дидарбек
4.Полатбай Елсұлтан
5.Жусипбай Мейрамбек
6.Жұмантұрлы Абылай
оқушыларымыз қатысып жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.
Жаттықтырушысы: Ізімбергенов Нұрсерік, Наукебаев Ғабит
Ерекше балаларымызға ерекше көңіл-күй сыйлаған “Ақтау қалалық әуесқой футбол федерациясы” президенті Е. Сеитбаттал мырзаға, мың алғыс!
Фестиваль соңында барлық қатысушыларға дипломдар және сыйлықтар, ал фестивальға дайындаған жаттықтырушыларға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар табысталды.
Осындай мерекелер жалғасын таба берсін!
@aktauff
@erkebulan.seitbattal_5