Келешек ұрпақ жүгін сеніммен, қазіргі даму үрдісіндегі жетістіктермен жеткізуге жұмыс жасайтын бірден бір білім ошағы –мектеп. Әр білім ошағы жылдар бойы жасаған жұмыстарын саралай отырып, қоғамдағы қазіргі талапқа сай даму жолдарын белгілейді. Біздің «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-сі де осы аяқтағалы отырған 2023 жылды біраз ауқымды жұмыстар және жетістіктермен тәмамдағалы отыр.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес өз уақытында атқарылуда. Қазіргі оқушы саны-129, мұғалімдер саны-55. Жыл бойғы атқарылған негізгі жұмыстар мен іс-шараларға тоқталып өтейін.
«Арнайы ұйымдарды жабдықтау» аясында мектебімізідің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
Игі іс «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Қор өкілдері қайырымдылық бағдарламасы аясында мектеп кабинеттерін білім алуға қолайлы етіп жаңартып берді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ кабинеттерін жаңарту үшін 18 641 127,00 теңге қаражат бөлді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша мектебіміздің тәрбие жоспары ұйымдастырылып, жоспар жасақталып, түсіндірме және талқылау жұмыстары жүргізілді.
«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша іс-шара жоспары жасалынып, өз жұмысын бастады.
Рәміздер күніне орай бас қаламыз Астанада Қазақ құрағы әлемге керек ұранымен "Аламан құрақ" жобасы ұйымдастырылып өткен болатын. Әлемді таң қалдырған ауқымды бұл жобаға біздің "Жаңаөзен арнайы мектебі" КММ-нің талантты ,шебер ұстазы Есенаманова Гүлайм Бақытжанқызы қатысты. Бұл жоба Қазақстанның тарихи кітабына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ГИНЭС рекордтар кітабына жазылады. https://youtu.be/RGQdds7_d6o Қазақ халқының ұлттық құндылығын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, ұлықтап келе жатқан Гүлайм Бақытжанқызын ұжымдастар болып құттықтады.
Жаңаөзен аруы-2023. 17.11.2023ж күні Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына орай "Кендірлі ауылдық мәдениет үйі" мекемесінің ұйымдастыруымен "Жаңаөзен аруы-2023" байқауы өтті. Аталған байқауда мектебіміздің логопед маманы Қуанышбекова Маржан Асқарқызы бақ сынады. Байқау барысында Маржан Асқарқызы өнерімен, тапқырлығы және біліктілігімен, сұлулығымен көзге түсіп "Көрермен көзайымы" номинациясына ие болды.
Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Ақтау қаласы, 17 шағын аудандағы “Халық Арена” спорт кешенінде 3-інші желтоқсан - “Халықаралық мүгедектер күні” және “Ақтау қаласына 60 жыл” мерейтойына байланысты “Балалар болсын бақытты” атты облысымыздың ерекше балаларының бейімдік спорт фестивалі өткізілді.
Фестивальдың қонақтарымен (Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Н. Сали, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д. Жумашева, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Р. Түгелбаева, “Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы” КММ-нің директоры М. Бейсенбаев, “Маңғыстау облыстық мүгедектердің дене шынықтыру жәнк спорт федерациясы” ҚБ-нің директоры Н. Кулушов, “Кеме жабдықтары және қызмет көрсету” ЖШС директоры Д. Донских, Маңғыстау облысының Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Т. Болатбаева) ашылу салтанатына арнайы келген Ақтау қаласының әкімі Ұ. Тналиев ерекше спортшыларға өте жақсы тілектер айтып, оларға сәттілік тіледі.
Фестивальға қатысушы ерекше балалар боччадан, голболдан, үстел теннисінен және шағын футболдан өнер көрсетті.
5-9.12.2023ж. Мәскеу қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спорты бойынша Данте Хопери атындағы Ашық кубокка қатысқан мектебіміздің үйден оқитын 8А сынып оқушысы Нұрғалиев Ақылбек B трейлінде Алтын медаль жеңіп алды.
Мектеп директоры Жалмуханова А.Е. спортшының параспортты дамытуға қосқан маңызды үлесін жоғары бағалап, олардың қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті. Мектеп директоры Жалмуханова А.Е. ата-анасына баласының жеткен жетістіктері, ата-ананың қосқан үлесі үшін, өзінің құттықтауымен жылы лебізін білдіре отырып, мектеп әкімшілігі атынан ата-ананы Алғыс хатпен марапаттады.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдасатырылатын Жаңа жыл мерекесіне мектебіміздегі көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары ішінен 5 оқушы қатысады.
Биылғы жыл мұғалімдерге де жетістіктерге толы жыл болды.
Қала әкімінің алғыс, құрмет грамоталарымен 7 мұғалім; Маңғыстау облысының білім басқармасының алғыс, құрмет грамоталары 15 мұғалім; Облыстық кәсіподақ ұйымының алғыстарымен 19 мұғалім марапатталды.
Алдағы жылы да мектеп жылдық жоспар бойынша және 3 жылға арналған даму жоспары бойынша жұмыстарын жалғастырады.