"Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме?Жан ботасын сағынғанда жан Ана!"- деген өлең жолында кездесетін шумақтың құдыреті неткен керемет десеңізші!
Ана! Асыл ана! Жан баласы үшін теңізді тілерсегіне тең көрмей кешуге бар мұндай тіршілік иесінің балапанына деген зор махаббатын мына фәнидің нендей асылына да айырбастай алмасыңыз хақ! Осындай асыл жанның бірі 5А сынып оқушысы Исатай Қымбаттың анасы, "Жаңаөзен арнайы мектебінің педагог-дефектологы Есенаманова Гулайым Бақытжанқызы.
Г.Б. Есенаманова өзінің біліктілігімен балаға деген ерекше сүйіспеншілігі және қамқорлығымен басқа да ерекше білім алуды қажет ететін балалардың ата-аналарына үлгі боларлықтай ерекше тұлға.