Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні мектебіміздің медбикелері мектеп ұжымына қызылша ауруының үдеуіне байланысты жиналыс өткізді. Медбикелер қызылшаның белгілері, вакцинация туралы, алдын-алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналыста мектебіміздің оқушылары мен қызметкерлері қызылшаға қарсы екпе алуға міндетті екендігі айтылды.