1-қыркүйек Алғашқы білім күніне орай қашықтықтан мектебімізде сынып жетекшілер «Менің өмірімдегі Конституцияның рөлі», «Конституция біздің – болашағымыз!» атты тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізді.
Тәрбие сағаттар қашықтықтан WhatsApp-мессенджер арқылы жүргізілді. Жаңа оқу жылымен мұғалімдер оқушыларды құттықтап, сабақты тақырып бойынша жалғастырды.
«Конституция біздің – болашағымыз!» тақырыбында бастауыш сыныптар презентациялар көрсетіп, оқушылар кері байланысқа шықты. Сынып жетекшілер Конституция туралы мәлімет беріп өтті.