Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне, Жаңа жыл мерекесіне орай 30.11.2020 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жанаөзен арнайы мектебінде» «Көңілді старт атты» қашықтықтан (онлайн) түрде, спорттық іс-шаралар өткізілді.
▪️ Жарыстың мақсаты:
- Оқушыларды спортпен шұғылдануға шақыру.
- Салауатты өмір салтын насихаттау.
- Жағымды өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру.
▪️ Жарыс бағдарламасы:
- Екпеттеп таянып шынтақты бүгіп жазу (отжимание)
- Бір орыннан отырып тұру (Приседания)
- Арқадан жатып денені көтеру (Пресс).
Жарыстың ережесі: Жарысқа қатысушы оқушы жаттығуларды спорттық киіммен, үй жағдайында орындайды, әрбір жаттығуға 1 минут уақыт беріледі, барлық үрдіс бейне таспаға түсіріліп WhatsApp желісінде арнайы құрылған ата-ана және оқушылар топқа жібереді.
Бейне материалдарды жарыстың бас төрешісі: Жайладова Гүлзира Мүнгірқызы қарағаннан кейін, берілген уақыт ішінде жаттығуды ең көп қатесіз дұрыс орындаған оқушыны анықтайды.
Жарыс қортындысы бойынша:
І – орынға ие болған 4 «А» сынып оқушысы Джаумытбаев Ықылас.
ІІ- орынға ие болған 6 «Ә» сынып оқушысы Қуанышбек Аида.
ІІІ- орынға ие болған 5 «Ә» сынып оқушысы Сәрсенбай Нұралы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жаңаөзен арнайы мектебі дипломдарымен марапатталды.