Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде білім алып және тәрбиеленіп жатқан ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларды Рахат, Теңге ауылдарынан және қаладан мектепке автокөлікпен тасымалдау қызметтерін жолға қою мақсатында, Облыстық білім басқармасының қолдауымен мектебімізге жаңа автокөлік берілді.
Мерекелік шарада Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Нағимоллақызы Жұмашева алғашқы құттықтау сөзін сөйлеп, автокөліктіңкілтін мектеп басшысы А.Е Жалмухановаға салтанатты түрде табыстады.
Автобус қауіпсіздік стандартына сәйкес жабдықталған.