Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, уақытша бос лауазымдық орындарға қажетті мамандарға конкурс жариялайды.
Қажетті мамандар саны:
Тәрбиеші -2 штаттық орын(тәрбиеші-дефектолог)
Бастауыш сынып мұғалімі-8 сағат(мұғалім-дефектолог)
Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 22.10.2024ж. сағат 14.00-де өткізіледі. Құжаттарды 21.10.2024ж күніне дейін комиссия хатшысы Ислам Майра (8(7292)72-7-95) тапсыруларыңыз сұралады.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар тізбесін жинақтап тапсырады. (Қабылдау уақыты: 14.10.2024ж. бастап (сағат 9:00-ден -17:00, түскі үзіліс уақыты: 12:30-14:00 соңғы күні 21.10.2024 жылы сағат 17:00 дейін қабылданады.)
Конкурсқа қатысатын мамандарға қажетті құжаттар тізімі:
Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген- бар болса);
Біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Наркологиялық ұйымнан анықтама;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)педагог,педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Конкурс өткізу орны: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Ө.Балғымбаев даңғылы, 1 ғимарат, тел: 8 (7292)72-7-95;