Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша Оқушылар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың интеллектуалдық деңгейін ескере отырып, әлеуметтік өмірге жан-жақты тәрбиелеу, мейірімділік таныту, қуаныш сыйлау.
Іс-шара барысында, Оқушылар шығармашылық үйінің директорының орынбасары Тамара Дюсенбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік концертті ашып берді. Қайырымдылық концертте оқушылар шығармашылық үйінің өнерпаздары «Спорт, «Индия» билерін билеп, «Алаш аманаты», «Балбырауын» күйлерін тартып, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, Жаңаөзен арнайы мектебінің оқушыларының да өнері тамашаланды. Іс-шара соңында Жаңаөзен арнайы мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Төлекбайқызы қорытынды сөз сөйлеп, концертте өнер көрсеткен барша өнерпаздарға және қолдау білдірген көрермендерге өз алғысын жеткізді.




