ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

✅2025 жылдың 10 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жаңаөзен қаласы "Жаңаөзен арнайы мектебі" КММ-де «Арнайы мектептегі білім беру процесінде заманауи тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. 🔗Семинардың мақсаты – ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға сапалы білім беру үдерісін жетілдіру, арнайы мектептерде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибе алмасу арқылы тарату, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру. 📌Семинар-практикумға жалпы және арнайы мектептерден 30 педагог қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар назарына білім беру процесіне енгізіліп жатқан заманауи технологиялар, дифференциацияланған оқыту әдістері, инклюзивті тәжірибелер ұсынылды. 🖇️Семинар-практикум екі бөлімнен тұрды. І бөлімде ашық сабақтар, шеберлік сағаттары көрсетіліп, мекемеге экскурсия жасалды. ІІ бөлімде қатысушыларға Психо-брэйн өткізіп, панельдік талқылаулар ұйымдастырылды. Семинар-практикум мектеп оқушыларымен педагогтарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен аяқталды. Концерттік бағдарламада ым-ишара тілінде ән айтылып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қоғамда тең мүмкіндікке ие екендігін көрсететін көлеңкелі көрініс қойылып, қатысушылардың жүрегін елжіретті. 🔎Қорытынды бөлімде қатысушылар семинардың маңыздылығын, атап өтіп, ұсыныстар мен кері байланыс берді. Облыстық семинардың өтуіне ықпалын тигізген Маңғыстау облысының білім басқармасының Оқу-әдістемелік орталығының ұжымына алғысымызды білдіреміз!

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .