«Жаңаөзен арнайы мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 19 наурыз күні – Шымырлық пен шеберлік күні, «Ұлыстың ұлы күні - наурыз» мерекесіне орай қазақтың ұлттық спорт түрлерінен арнайы мектеп ұжымдастар арасында сайыс өкткізілді. Атап айтқанда, бес тас, ләңгі тебу, қол күрестіру және арқан тартыстан сайысып, өз ара бақтарын сынасты. Жарыс жоғары деңгейде өтті, арнайы алғыс хаттар мен мақтау қағаздары және медальдар табыс етілді. Мерекелік іс-шара жақсы деңгейде аталып өтті.
Жарыстың өткізу мақсаты, ұжымдастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру, насихаттау. Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы қазақ халқының салт -дәстүрін, әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру.
Дене пәні мұғалімі: Наукебаев Ғабит, сайыс өтетін жерді ретке келтіріп спорттық жарыстарға қатысатын ұжымдастардың тізімін жасақтап, алды. Жарысқа қатысушылар төрт топқа бөлініп, топтың атауын ұйымдастырып жарысты бастады. Топтың атын бастауыш, баяндауыш, кіші қызметкерлер және мектеп басшылары тобы болып жарысты бастады.
Ұпай саны бойынша жеңіске жеткен, І орынға ие болған: Баяндауыш тобы.
Мерганова Гүлжан, Сандыбаева Камар,
Есенаманова Гүлайым, Мусаева Маржан,
Бердешова Тамара
ІІ орынға ие болған: Басшылар тобы.
ІІІ орынға ие болған: Кіші қызметкерлер тобы.