ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

      Ата-аналар арасында өткізген кеңес барысында Логопед Дуйжанова Айда тақырып бойынша ең алдымен баяндама оқып, тақырыпты түсіндіріп өтті. Шараға әр сыныптың ата-аналары қатысып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Өз ойларын да айтып өтті. Ата-аналар арасында өткен кеңеске мектеп әкімшілігі және логопед, дефектолог мамандары да қатысты. Ата-аналардың тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына Логопед Дуйжанова Айда былай деп жауап берді

  «Баланың тілі тез және дұрыс шығуы үшін үлкендер әр қимылын, ойын дауыстап айтып түсіндіріп отыруы керек. Балаларға көбіне үлкендердің әңгімелесіп, тілдесуі жетіспейді. Сәби керек нәрсесін қолмен көрсетсе немесе ымдаса ата-анасы бірден оны қолына ұстатады. Енді түк қиналмастан қажеті өтеліп жатса бала сөйлеп қиналып қайтсін? Сол үшін сұрақтар қою арқылы сөзге тарту керек. Бұл баланың сөздік қорын молайтудың бір жолы. Ұсақ моториканы дамыту жағын естен шығармаған жөн. Саусақты қимылдату мидағы сөйлеу функциясына жауапты тітіркендіреді. Қазіргі таңда тілі кеш шығатын немесе әріптерді анық айта алмайтын балалар өте көп. Осындай мәселемен келетін ата-ана да жетерлік. Басында ата-анасы баласының дұрыс сөйлемеуін еркелік деп ойлап, көп уақытын өткізіп алады. Кейбірі әкесі бала кезінде кеш сөйлегендіктен тұқымнан деп топшылайды. Бұл қате түсінік. Мектепке барғанға дейін бала дұрыс сөйлемесе ата-ана дабыл қаққаны жөн», – деген жауап қатты. Әрі қарай Дүйжанова Айда ата-аналарға өзінің дайындаған материялдарымен бөлісті. Слайдттан видеоролик көрсетіп тақырып туралы пікірін толық жеткізді. Кеңеске қатысқан ата-аналар логопедке  ризашылықтарын білдірді.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .