ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

"Жаңаөзен арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 ақпан күні ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын мектебімізбен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбие – білім беру үрдісінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік беретін жұмыстың бір түрі болып табылады.

            Бұл іс-шараның мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнату және  оң имиджімізді қалыптастыру.

            "Ашық есік күнінің" негізгі міндеттері: ата-аналары мен мектеп арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, ата-аналар мен оқушылардың бірлескен қызметте бір-біріне икемделуін дамытуға ықпал ету, отбасының жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

            Педагогтар ұжымы ата-аналарға мекемеде баланы дамытуға және оның денсаулығын нығайту үшін қауіпсіз, педагогикалық сауатты және психологиялық қолайлы орта құрылғанын көрсетуге ұмтылды.

Ата-аналарға мектебіміздегі барлық ұжымының нақты жоспарланған қызметін бақылауға болатын іс-шара бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар, ата – аналар мектепте оқушылардың  тамақтануы қалай ұйымдастырылатынын, сабақ барысын, жеке сабақтарды,  дөңгелек үстелді  көре алды.  

 Ашық есік күні ата-аналарға арнайы ұйымдастырылған тренингпен аяқталып, ата-аналардың барлығы мектебімізге және мамандардың жұмысына риза болып, алғыстарын айтты.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .