10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай педагогикалық ұжымға психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингке барлығы 18 педагог қатысты. Тренинг барысында мектебіміздің медбикесі Абдулаева А. «Психологиялық денсаулық-денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада стресс, стресс белгілері, қарсы тұру факторлары т.б. туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар З.Королеваның «Сіздің суицидтік бейімділіктеріңіз» тесті, визуалдық тест, «Мұқият бол!», «Ритм», «Бау мен жіп» тренингтері жүргізілді. Тренинг соңында педагогтар алған әсерлерімен бөлісті.
View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php/169-10-azan-d-niezh-zilik-psikhikaly-densauly-k-nine-oraj-pedagogikaly-zhym-a-psikhologiyaly-trening-tkizildi#sigProId2053977f54
https://sksh.edu.kz/index.php/169-10-azan-d-niezh-zilik-psikhikaly-densauly-k-nine-oraj-pedagogikaly-zhym-a-psikhologiyaly-trening-tkizildi#sigProId2053977f54