Бұқаралық спортты дамыту жолында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен аранайы мектебі» КММ мұғалімдер арасындағы үстел теннисінен мектепшілік сайыс өткізілді.
2023 жылдың қараша айының 10 күні Жаңаөзен арнайы мектебінде өткізілген үстел тенниисінен жарыс өте жоғары деңгейде өтті.
Спорттық жарыстың ашылу салтанатына мектебіміздің директордың тәрбие жөніндегі орынбасы Беробаева Айгүл спорт сүйер ұстаздарымызға сәттілік тіледі.
Бұл сынға асқақ абыройдың биік шыңынан көрінуді мақсат етіп үстел теннисі бойынша 30-ға жуық мұғалімдер қатысты. Жарыстың төрешілері де әділ бағаларын берумен қатар кәсіби шеберліктерімен қатысушылар көңілінен шыға білді.
Сайыстың қорытындысы төмендегідей:
Үстел теннисі бойынша:
І орын - Қарқулова Бибігүл
ІІ орын - Хусайнова Гулзия
ІІІ орын - Манашова Гүлмира
«Үздік ойыншы» номинациясының иегері: Ахметова Гүлдана
Бұл командаларға жүзден жүйріктер жиналып, өте жоғары дайындықпен келген. Қорытынды мапаратты қатысушыларға Диплом, Алғыс, арнайы номинациялар, кубок, медальдар, естелік сыйлықтар табыс етілді.