16.11.2023 жылы күні мектебімізде оқушылар арасында «Күзгі балл-2023» атты байқау өтті. Іс-шара мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастырып, әсемдікке, сұлулыққа баулу, шығармашылық қабілеттері мен ой ұшқырлығын дамыту, оқушылардың қоғамдық өмірге, мәдени – көпшілік шараларға белсенді қатысуына ықпал ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Іс-шара акт залда көрермендердің қатысуымен өтті. Сайысқа түскен жұптар көрермендерді әр кезеңге өз ерекшеліктерімен дайындалып, креативті шоуларымен таң қалдырды.
Сайыс мына төменде көрсетілгендей шарттар бойынша ұйымдастырылды:
1.Өзін-өзі таныстыру.
Бұл кезеңде қатысушы жұптар өздерін түрлі әдістермен таныстырды.
2.Өнерің өрге жүзсін. Бұл кезеңде қатысушы жұптар өздерінің қабілеттерін жан- жақты көрсетті. (Ән, би т.с.с.)
3.Сән үлгісі. Қатысушы жұптар өзіндік қиялдарымен ерекше киім үлгілерін көрермен назарына ұсынды.
4.Көрме. бұл кезеңде сайыскерлер күз мезгіліне дайындаған қол өнер бұйымдарын көрсетіп, таныстырып өтті.
Сайыс соңында қазылар алқасы өнер көрсеткен қатысушы жұптарға өз бағаларын беріп, жеңімпаздарға жүлделі орындар мен түрлі номинация бойынша мақтау қағаздарын табыс етті.
Күзгі балдың қорытындысы:
Бас жүлде-5А сынып оқушылары Омар Оразали-Жомарт Фариза
І орын-8А сынып оқушылары Полатбай Елсұлтан-Қадырбай Перизат
ІІ орын-9Ә сынып оқушылары Сүндетбай Мейірбан-Сағынбаева Әдемай
ІІІ орын-7А сынып оқушылары Сүйіндік Аслан-Самбайқызы Бағлан
ІІІ орын-10А сынып оқушылары Жүсіпбай Мейрамбек-Мантакова Дана
Ынталандыру-6А сынып оқушылары Халмурат Бекзат –Актулен Нурайна
Ынталандыру-9А сынып оқушылары Байхан Раян-Танатарова Жанарай
https://sksh.edu.kz/index.php/176-16-11-2023-zhyly-k-ni-mektebimizde-o-ushylar-arasynda-k-zgi-ball-2023-atty-baj-au-tti#sigProIddd8508191b