2019 жылы 13 желтоқсан күні «Жанаөзен арнайы мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арнайы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіз елім Қазақстан» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шара әнұраннан басталды. Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы мұғалімдерді, оқушыларды мерекемен құттықтап мектебіміздің медбикелері мен асхана қызметкері Тлесова Слуша, Садинова Шынар және Әлиева Салтанатты мереке қарсаңында еленген еңбегі үшін марапаттады.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен өтті. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, әндерін орындады. Олар: Махсетбаева Аселя «Көк тудың желбірегені» әнімен, Қаржауова Гулбану «Туған жер» әні, Лашын тобының орындауында «Туған жер» әні, Меденова Гүлнардың орындауында «Қамажай» биі, оқушылардың орындауында «Флешмоб», «Бұлттар» биі, тақырып бойынша видеоролик көрсетілді.
Мереке қарсаңында сынып жетекшілер «Тәуелсіз елім Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Концерттік бағдарлама өте жақсы көңіл-күйде өтті.
https://sksh.edu.kz/index.php/25-2019-zhyly-13-zhelto-san-k-ni-zhana-zen-arnajy-mektebi-kmm-de-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdik-k-nine-arnajy-otan-a-degen-s-jispenshilikti-arttyru-men-sip-kele-zhat-an-rpa-ty-t-rbieleu-ma-satynda-t-uelsiz-elim-aza-stan-ta-yrybynda-merekelik-shara-tkizildi#sigProId614b4a0973