ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ


«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, өңір тазалығына өз үлесін қосты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Кәсіпорын қызметкерлері 20 сәуір күні көктемгі сенбілік өткізді. Таңертең ертемен «МӨЭК» АҚ мамандары кәсіпорын аумағын күл-қоқыстан тазартып, ретке келтіруге кірісті. Тырма, күрек, сыпырғы сынды қажетті құрал-жабдықтар көмегімен қызметкерлер мекеме ауласын ғана емес іргелес жатқан аумақты да қоқыстан арылтуға айтарлықтай атсалысты.

Сондай-ақ, ағаш отырғызып, аумақты көк желекпен көмкеруге үлес қосты, темір қоршауларды назардан тыс қалдырмай, түрлі түске сырлады. Акцияға қатысуда айрықша ұйымшылдық танытқан мекеме ұжымы сенбілік көңілді серпілткенін айтады.

«МӨЭК» АҚ қызметкерлері кәсіпорын аумағын тазалау және көгалдандыру жыл сайынғы игі дәстүр екенін атап өтті.

Акцияға жұмысшылармен қоса кәсіпорынның бөлім басшылары да қатысты.

Олардың пікірінше, мұндай акциялар ұжымның ауызбірлігін нығайтады. Әрқайсысының басты міндеті - қала келбетін көркейтіп, таза әрі жайлы ету үшін үлес қосу.

– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр сенбі сайын қалада тазалық іс-шаралары атқарылып жатыр. Энергетиктер де жыл сайын қала аумағын абаттандыру бағытындағы жалпықалалық сенбіліктерге белсене қатысады. Тазалықты сақтау – біздің ортақ міндетіміз! Біз туған өлкеміздің тазалығына, тарихи-мәдени орындарының сақталуына мүдделіміз, жер-Ананың байлығын қастерлеуге үндейміз. Таза ауа мен көрікті қала – әрқайсымыздың бірлескен еңбегіміздің жемісі. Тәртіпті сақтау, қоршаған ортаның тазалығын қадағалау ортақ парызымыз деп білемін. Бұл бағытта елеулі өзгерістерге қол жеткізу үшін барлық тұрғындар бірігіп, қолайлы жағдай қалыптастыруымыз керек», - деді «МӨЭК» АҚ басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов.

Еске салайық, экологиялық науқан 8 сәуірде басталған болатын.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .