2024 жылдың 18-19 сәуірі күндері Ақтау қаласындағы «Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы» ғимаратында арнайы атлеттер арасында «Қазақстандық Арнайы Олимпиада» қоғамдық бірлестігінің 2024 жылға арналған спорттық-көпшілік күнтізбелік жоспарына сәйкес үстел теннисінен республикалық турнир өткізілді.
Жарысқа қатысушылар 4 жас ерекшілігі бойынша жеке және жұптық сында бақ сынады:
12-15 жас, 16-21 жас, 22-29 жас және 30-тан жоғары.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы білім басқармасының «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 5 оқушы сынға түсті.
12-15 жас ерекшелігі бойынша (ұлдар):
үшінші дивизионда 7А сынып оқушысы Жұмантұрлы Абылай-ІІ орын,
16-21 жас ерекшелігі бойынша (ұлдар):
бірінші дивизионда 8А сынып оқушысы Полатбай Елсұлтан- ІII орын
үшінші дивизионда Қоймы Руслан –ІІ орын
16-21 жас ерекшелігі бойынша (қыздар):
ІІ дивизионда Танатарова Жанарай-ІІІ орын
22-29 жас ерекшелігі бойынша (қыздар):
І дивизионда Утемисова Фариза-ІІІ орын
Аталған жарысты өте жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берген ұйымдастырушы алқасына және мектебіміздің үстел теннисінен жаттықтырушыларға алғысымызды білдіреміз!
View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php/360-stel-tennisinen-aza-standy-arnajy-olimpiadany-respublikaly-turniri#sigProId71acd2c4c6
https://sksh.edu.kz/index.php/360-stel-tennisinen-aza-standy-arnajy-olimpiadany-respublikaly-turniri#sigProId71acd2c4c6