«Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында 3 мамыр- «Таза Қазақстан» челленджі өткізілді. Тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, білім ұясымен биыл қоштасатын шәкірттер бір-бір ағаш көшетін әкеліп, мектеп ауласына отырғызды. Игі шараға мектеп ұжымы, оқушылар, сынып жетекшілер қатысып, көшет отырғызуға өз үлестерін қосты!