Ағымдағы жылдың 21 мамыры күні Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылық етуімен және «Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен өтетін «Жұлдызай-2024» Ұлттық Инклюзивті Ойындарының Маңғыстау облыстық іріктеу кезеңінің жарыстары өткізілді. «Жұлдызай-2024» Ұлттық Инклюзивті Ойындарының Маңғыстау облыстық іріктеу жарыстары спорттың 8 түрінен (асық ату, бес тас, үстел теннисі, шағын футбол, тоғызқұмалақ, голбол, бочча) өтті.
Осы іріктеу жарыстарының жеңімпаздары 01-05 қазанда Астана қаласында өткізілетін «Жұлдызай-2024» Ұлттық Инклюзивті Ойындарының финалына қатысатын болады.
Жарыстың ашылу салтанаты және асық ату, бес тас, тоғыз құмалақ, үстел теннисі және шағын футболдан жарыстар «BS АРЕНА», жеңіл атлетикадан «МАҢҒЫСТАУ АРЕНА» және бочча, голболдан «Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы» ғимараттарында өткізілді.
“Жаңаөзен арнайы мектебі” КММ-нен 14 оқушы қатысты.
Шағын футболдан оқушыларымыз І орын;
Бес тас-І орын; үстел теннис-ІІ, ІV орын,
Бочча-І, ІV орын; Жеңіл атлетика-ІІ, IV орынға ие болды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар кубок, медаль, сыйлықтармен марапатталды.
Барлық жарысқа қатысушылар мен жаттықтырушы ұстаздарға, ұйымдастыру алқасына алғысымызды білдіреміз.
#Жаңаөзенарнайымектебі
#Маңғыстауоблысыныңденешынықтыружәнеспортбасқармасы
#Маңғыстауоблыстықмүгедектікспортклубы
#МаңғыстауоблыстықерекшетұлғалардыңденешынықтыружәнеспортфедерациясыҚБ
#Ерекшебалалар
#Инклюзиялықспорт
View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php/371-a-ymda-y-zhyldy-21-mamyry-k-ni-ma-ystau-oblysyny-dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-bas-armasyny-basshyly-etuimen#sigProIdfdd6ecbefd
https://sksh.edu.kz/index.php/371-a-ymda-y-zhyldy-21-mamyry-k-ni-ma-ystau-oblysyny-dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-bas-armasyny-basshyly-etuimen#sigProIdfdd6ecbefd