15.12.2021 жылы күні мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік -ел тұғыры» атты мерекелік іс-шара коцерттік бағдарламамен өтті.
Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалғанына 30 жыл толғаны барша қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Тәуелсіздік мерекесінің тұрақты түрде аталып өтіліп келе жатқанына биыл 30 жыл болды.
16-желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі биыл мектебімізде ерекше аталып өтті. Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Әрі қарай Тәуелсіздік құрбандарын еске алумен үнсіздік жариялады. Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы мұғалімдерді, оқушыларды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, мереке қарсаңында еленген еңбегі үшін мұғалімдер мен қызметкерлерді марапаттады.