ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

15 наурыз –Жайлау күні. Бұл күні адамдар үй-жайын, мекемелер кеңселерін тазартады, алаңдарды сыпырып, қардан, қоқыстан тазартады. Реніштерін кешіріп, бір-біріне қонаққа, серуенге, қыдыруға шақырады. Сондай-ақ, елдімекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі.

Жайлау күніне орай еңбек пән мұғалімі Бекишов Оразбай оқушылармен бірге табиғат аясында серуендеу, көшет егу, қоқыс тазарту шараларын ұйымдастырып  сенбілік жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен бірге мектептің ауласына тазалық жұмыстарын жасап, жерлерді қопсытып, ағаштар отырғызды. Өсіп тұрған ағаштарды әктеп жан-жағын қоқыстардан тазалап,тазалық жұмыстарын жүргізді.

            15-наурыз – Жайлау күні қарсаңында, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысындағы «Жасыл Қазақстан» атты ұлттық жобасына сәйкес "Эко Вест Жанаозен" мекемесінің ұйымдастыруымен мектебімізде "Не ексең соны орасың" атты қайырымдылық акциясы өтті. Игі шараның негізгі мақсаты – ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар оқитын арнайы мектебімізді «Жаңаөзен арнайы мектебін» көгалдандыру, көктем келіп жер жаңарған сәтте табиғатқа сән беру болды. Шараға "Эко Вест Ақтау» компаниясының негізін қалаушы Салтанат Бралина, Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Мыңбаев Нұртаза Абдуллаевич қатысып, сөз сөйледі. Мектебіміздің ауласына 100 түп ағаш оқушылармен бірге отырғызылды.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .