17 наурыз –Тарихқа тағзым күніне орай мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл Ордалықызы және тәлімгер Унайбаева Жансұлу жауапкершілігімен мектеп жасындағы оқушылардың caнacынa ұлттық құндылықтapымызды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында оқушыларды автобуспен Жаңаөзен қаласындағы мұражайға апарды.
Саяхат жүргізуші оқушыларды қарсы алып амандасып, наурыз мерекесімен құттықтап, мұражайдағы тарихи сәттермен таныстыруды жалғастырды. Саяхат барысында оқушылар мұражайдың тарихи және архитектуралық ескерткіш болып табылатынын білді. Саяхат жүргізуші балаларды біздің қаламыздың табиғатымен, жануарлар әлемімен, мұнай өндіру саласындағы бағдарын таныстырды. Өзіміздің ұлттық киімдерімізді, аспаптарымызды, ағаш үйдің жабдықтарын көрсетті. Саяхат балалардың бәріне өте ұнады. Олар білімдерін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
https://sksh.edu.kz/index.php/75-17-nauryz-tarikh-a-ta-zym-k-nine-oraj-mektebimizdi-t-rbie-isini-orynbasary-berobaeva-ajg-l-ordaly-yzy-zh-ne-t-limger-unajbaeva-zhans-lu-zhauapkershiligimen-mektep-zhasynda-y-o-ushylardy-canacyna-ltty-ndyly-tapymyzdy-ci-ipu#sigProIdc91e4bfd71