21 наурыз –Ұлттық тағамдар күні. Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірлейеді. Қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. Ұмыт бола бастаған, кең таралмаған тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі.
Мектебімізде Ұлттық тағамдар күніне орай ардагер ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында наурыз көже пісіріліп жарыс өтті.
Шара барысында мұғалімдер өздерінің дайындаған тағамдарын, яғни наурыз көженің дайындалу тәсілдерін видероликке түсіріп сахна төрінде слайдттан көрсетті. Ардагер ұстаздарымыздың арасынан әділқазылар алқасы сайланып, тәтті, дәмді дайындаған наурыз көжеге әділ бағаларын беріп мұғалімдерді «Тәтті тағам», «Шебер қолдар», «Ас аспазшы» номинацияларымен марапаттады.