2022 жылдың сәуір айының 30 күні Ақтау қаласында тірек-қимылы аппараты зақымданған және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында боччадан облыс біріншілігі өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға бейімдеу, бала тұлғасының үйлесімді дамуына жәрдемдесу, паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды дамыту.
Дүбірлі додаға Ақтау , Жаңаөзен қалаларынан және Бейнеу ауданынан жекелей сында (BC1, BC2, BC3, BC4, BC5, BC6) санатындағы, 6-10, 11-14, 15 жас ерекшеліктері және ересек спортшылар қатысты.
Бочадан облыс біріншілігінде «Жаңаөзен арнайы мектебі» нен қатысқан оқушыларымыз Мырзабек Медет және Көптілеуова Нарқыз ІІ-орынға қол жеткізіп, 2022 жылы 17-19 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Республикалық біріншілікке жолдама алды. Алдағы жарыстарда спортшыларымызға сәттілік тілейміз.
Мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Еспайқызы жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтап, жарысқа қатысқан барша спортшыларымызға алғысын айтты.