06.03.2019 ж. күні «Жастар жылы» қарсаңында Маңғыстау облысы Білім басқармасына қарасты «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ мен Маңғыстау облысы Білім басқармасының «Оңалту» орталығы ММ-нің жас мамандар арасында «Жас маман, алға бас қадам» тақырыбында жас мамандар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Екі мекемеден 12 жас маман «Өзін-өзі таныстыру», «Білікті маман-Ел тірегі», «Мамандығым-мақтанышым», «Өнерлінің өрісі кең» 4 кезең бойынша бақ сынасты.
Байқауға қатысқалы тұрған жас мамандарға ардагер ұстаз, жас мамандардың жетекшісі Р.М.Кайрлиева өзінің сәттілік тілегін білдірді.
Жас мамандардың біліктілігін өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін байқау және жас мамандардың кәсіби мәртебесін көтеру мен қолдау бағытында өткізілген «Жас маман, алға бас қадам!» байқауына қатысқан жеңімпаздарды марапаттау әділ-қазы алқасы «Ақмарал» балабақшасының әдіскері Сарыева Тлектес Сапарбайқызы қорытынды сөз сөйлеп марапаттады.
«Үздік жас маман-2019» иегері Козбакарова Айғаным Аралбайқызы
І орын-Алтынбекова Жазира Омарбекқызы
ІІ орын-Дүйжанова Гүлшат Қыдырқызы
ІІ орын-Иманбаева Айым Қосшыбекқызы
ІІІ орын-Қалапбаева Айгүл Ыбырайқызы
ІІІ орын-Джанбаева Шолпан Сәрсенбайқызы
Ынталандыру-Молбаева Гүлмира Абдрахимқызы
Ынталандыру-Бақытжанова Айдана Серікбайқызы
Жігерлі маман-Сагиндикова Меруерт Мұратқызы
Жаңашыл маман-Адайханова Гүлзира Алдабергенқызы
Ізденімпаз маман-Қостниязова Нуржамал Чегебекқызы
Шығармашыл маман-Джарыева Камшат Айтбайқызы марапатталды.
Біз ұстаздарға жүктелген міндеттерді атқару жолында аянбай еңбек етіп келеміз. Мұғалімдер мен мамандар өз үлесін қосып, жұмыстарын жалғастыра береді.
https://sksh.edu.kz/index.php/19-zhas-maman-al-a-bas-adam#sigProId08baca80aa