Жанаөзен қаласында білім күніне орай 1.09.2019 жылы күні «Жанаөзен арнайы мектебінде» алғашқы қоңырау салтанаты өтті.
Мектеп оқушылары, ұстаздар сап түзеді. 1-сынып оқушылары ортаға қошеметпен шақырылды. Бұдан кейін мемлекеттік әнұран ойнады. Мерекені әдемі әнмен бастады. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды білім күнімен құттықтап, ұстаздар қауымына жаңа табыстар мен жаңа белестер тіледі. Мектептің оқу жылына дайындығы мен жетістіктерін және мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл мен бас есепші Жаманбаева Дария Маңғыстау облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды. Кезекте мерекеге арнайы келген мәртебелі қонақтар сөз сөйледі. 1-сыныптың ата-аналары да балаларына жылы лебіздерін, тілектерін білдірді. Алғашқы қоңырауда сыңғырлап барлық оқушылар алғашқы сабаққа кірді. Алғашқы сабақ тақырыбы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ».
Мерекелік іс-шара жақсы деңгейде өтті. Арасында мерекелік ән шашуларда болды. Алғашқы қоңырау бір сағатқа созылды.
https://sksh.edu.kz/index.php/18-zhana-zen-alasynda-bilim-k-nine-oraj-1-09-2019-zhyly-k-ni-zhana-zen-arnajy-mektebinde-al-ash-y-o-yrau-saltanaty-tti#sigProIdb2682eb0f0