Ақпанның 12-і күні ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жанаөзен арнайы мектебі» КММ-де қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі мен кітапханашы «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кеш өткізді.
Шара барысында мектебіміздің мұғалімі Наукебаев Ғабит, Мусаева Маржан, Жолдыбаев Еламан ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының рольдерін сомдап үзінді көрсетті. Әрі қарай Мұқағалидың «Соқ, жүрек» атты өлеңінен Мусаева Маржан мәнерлеп оқыды, Жолдыбаев Еламан «Есіңе мені алғайсың!» әнін шырқады. Шара соңында кітапханашы Кемалова Айбибі ақынның шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.