2020 жылдың ақпан айының 27-28 күндері 1 наурыз-Алғыс айту күніне байланысты сынып жетекшілер «Алғыс айту парызым» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Ашық тәрбие сағаттарында оқушылар өздерінің салған суреттерін, ата-аналарына, ұстаздарға жылы лебіздерін айттып, ән шырқап, би биледі.
Бастауыш сынып мұғалімі Нурумбетова Г. оқушылар арасында сурет байқауын өткізіп, жүлделі орынга ие болған оқушыларды мектеп директоры дипломдармен марапаттады.
Мектебіміздің тәлімгер Тұяқбаева Ж. «Мен алғыс айтамын!...» тақырыбында оқушылар арасында флеш моб ұйымдастырылды. Оған мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.