2020 жылдың 5-ші наурызында «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер сайысы өтті.
Сайыс барысында жүргізуші Туякбаева Жадыра аналар, арулар мерекесімен құттықтап, өлең шумақтарымен ашты. Мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы мекеме қызметкерлерін барша аналар, қыздар қауымын мерекемен құттықтап, бастауыш сынып мұғалімі Курбаниязова Айжан, Караева Ғазиза, кіші қызметкер Абдулаева Намира мен Туешиева Жамиля марапатталды.
Сайысқа қатысқан төрт келін ортаға шығып өздерін таныстырып өтті. Олар Камалова Нағима, Дошимова Қымыз, Әлиева Салтанат, Мусаева Маржан. Сайыстың кезеңдері таныстырылып өтті.
І-кезең. Таныстыру
ІІ-кезең. Өз өнерін көрсету
ІІІ-кезең. Сұрақ-жауап
ІV-кезең.Ұлттық тағам
V-кезең. Сән үлгісі
Келіндер қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, тағам түрлерін әзірлеу, іскерлік пен қолөнер шеберліктері бойынша бақ сынасқан шарада
Әлиева Салтанат «SUPER келін»,
Мусаева Маржан «Өнерлі келін» номинациясы,
Дошимова Қымыз «Сымбатты келін» номинациясы,
Камалова Нағима «Инабатты» номинациясына ие болып сыйлықтармен марапатталды.