2020 жылдың 4-ші наурызында «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-де жас мамандар жетекшісі Сандыбаева Камардың ұйымдастыруымен «Абай әлемі және жастар» тақырыбында сайыс өтті.
Сайыстың өтілу барысы жас мамандардың орындауында «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен ашылды. Сайыстың шарттарымен жүргізуші Жолдыбаев Еламан таныстырып өтті. Бірінші кезең бойынша Абай Құнанбаев туралы викториналық сұрақтарға жауап, екінші кезең Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу, үшінші кезең сахналық көрініс, төртінші кезең бойынша Абайдың әндерін жанды дауыста орындау.
Сайысқа 9 жас маман қатысты олар: еңбек пән мұғалімі Туякбаева Жадыра, Алтынбекова Жазира, бастауыш сынып мұғалімі Чалабаева Гүлшара, Сагындикова Меруерт, Мурзабаева Бағила, дене шынықтыру пән мұғалімі Наукебаев Ғабит, педагог-психолог Қалапбаева Айгүл, әлеуметтік педагог Ермекбаева Жансая, дефектолог Оймағанбетова Балжан. Жас мамандар сайысқа қатысып өздерінің тапқырлығымен, өнерімен, актерлік шеберлігімен төмендегідей орындарға ие болып марапатталды.
І орын - Наукебаев Ғабит
ІІ орын - Туякбаева Жадыра
ІІІ орын - Қалапбаева Айгүл
«Тапқыр ұстаз» номинациясы - Сагындикова Меруерт
«Сөзге ұста- ойға шебер ұстаз» номинациясы - Чалабаева Гүлшара
«Ең шығармашыл ұстаз» номинациясына -Алтынбекова Жазира
«Өнерлі ұстаз» номинациясына - Мурзабаева Бағила
«Ұлттық киім» номинациясына - Ермекбаева Жансая
«Көрермен көзайымы» номинациясы - Оймағанбетова Балжан
Сайыс соңында қаламыздың жас әншілері «Хан» тобы аналардың құрметіне «Мама» әнін тарту етті.