Жанашырлыққа жан риза дегендей аз қамтылған отбасы, жартылай жеті, тұлдыр жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыры, қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның, азаматттық парызы. Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Бүгінде сондай игі істер,түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Сондай жандардың бірі Арнайы инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми практикалық Орталығымыздың аға ғылыми қызметкері, филиология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының Президенті Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы. А.Д.Сейсенова 2024жылдың қараша айында біздің өңірге Ақтауға іссапармен келді. Сол уақытта біздің мектеппен танысу мақсатында, арнайы мекемемізге бас бұрды. Осы сәтті пайдалана отырып, А.Д.Сейсенова мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына 17 дана ақ футболка, 18 дана лонгслив, 6 дана толстовка (41 дана) үлестіріп, қайырымдылық көмек көрсетті.
https://sksh.edu.kz/index.php/446-zhanashyrly-a-zhan-riza-degendej-az-amtyl-an-otbasy-zhartylaj-zheti-t-ldyr-zhetim-am-orly-a-alyn-an-balalardy-zhanashyry-am-orshysy-bolyp-ayaly-ala-anyn-tosyp-zh-rek-zhyluyn-synu-sauaby-mol-iske-atsalysu-rbir-adamny-azamattty-paryzy#sigProIdd6e76d7417