Шараға облыс әкімі Н.Қилыбай, облыстық мәслихат хатшысы, департамент, басқарма басшылары, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелері, ардагер ұстаздар, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жаңа жылдық шыршаға мектебімізден 9 жастан 13 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 3 бала іріктеліп қатыстырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті атынан құттықтау хаты, 120 000 (жүз жиырма мың) теңгенің сертификаты және жаңа жылдық тәттілер сыйға тартылды.
Балаларға «Grand Nur Plaza» салтанат залында мерекелік түскі ас берілді.