МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
22
Қыркүйек
2023
|

22.09.2023ж. күні дене шынықтыру пән мұғалімдері, ұстаздар арасында «Менің жетістігім- менің нәтижем» ұранымен спорттық шара өткізді. Ұстаздарымызды алдымен спорттық шараның мақсатымен таныстырып, шараны қызықты ұйымдастырды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Тұтастай алғанда сайыс көтеріңкі көңіл күй мен достық қарым-қатынаста өтті.
8
Қыркүйек
2023
|

Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрлігінің “Тоғыз айға – 9 іс-шара” тұжырымдамасына сәйкес және Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен арнайы мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 06.09.2023 жылғы №730 хатына сәйкес
2023 жылдың 8 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша 12:00 де Республикалық ДЕНЕ СЕРГІТУ челлендж өткізілді. Республикалық ДЕНЕ СЕРГІТУ челленджі 1-10 сыныптар арасында өткізілді. Челлендждің мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын насихаттау.

Ағымдағы жылдың 05 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектеп педагогтерінің қатысуымен қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Бекенұлы Жұмабаевқа 130 жыл толуына орай "Мағжан Жұмабаев - заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.

📌Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды (Бірақ Конституцияға 1998 жылы және 2007 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілді).
Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні саналады.
Құрметті оқырман, баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз! Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі баянды болсын!
Құрметті оқырман! Онлайн кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосулы.
«Е-өтініш» − азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған ақпараттық жүйе. Бұл ақпараттық жүйе нұсқаулығы төменде👉🏻

01.06.2023ж. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Кім жүйрік» атты, шағын футболдан мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Жаңаөзен арнайы мектеп директоры Жалмуханва Ақсауле Есбаевна аталған жарысты салтанатты түрде ашып, барлық ұстаздарды, оқушыларды осы мерекемен құттықтап, денсаулық сақтаудың маңызын түсіндіріп өтті. Шараға директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Беробаева Айгуль Ордалықызы қатысып, балаларға және олардың ата-аналарына жылы лебізін білдіріп құттықтады.
1
Маусым
2023
|

Биылғы 2022-2023 оқу жылының аяқталуы «Халықаралық балаларды қорғау күнімен" тұспа- тұс келді.
01.06.2023 жылы күні жылдағы дәстүрге сай «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны мектеп ауласында, алаң шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Салтанатты жиын жүргізушілердің әдемі өлең шумақтарымен ашылды. Одан кейін «Соңғы қоңырау» әнімен мектеп бітіруші түлектер ортаға шақырылды. Салтанатты жиын Қазақстан республикасының әнұранымен басталды. Іс-шараның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы және келесі сөз кезегін ардагер ұстаз Қайрлиева Рабиға Мұратқызына берілді. Мектеп директоры бітіруші түлектерге сәт сапар тілеп, мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан жас мамандарымыз Қожабергенова Нұргүл,

Мектебімізде 25.05-1.06.2023жылы күндері аралығында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспар бойынша барлық шаралар өткізілді.
25.05.23 жылы күні Жаңаөзен қаласында орналасқан «Жаңаөзен кидс» балалар ойын сауық кешеніне мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл және тәлімгер Туякбаева Жадыра оқушылармен бірге саяхат ұйымдастырды. Ойын сауық кешенінің меңгерушісі оқушыларды жылы жүзбен жақсы қарсы алды.