МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
Республикалық «Мектепке жол» акциясы Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тамыз айында өткізілді. Акция қарсаңында қаламыздағы атаулы әрі ең ірі «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі»АҚ, «Бұрғылау» ЖШС мекемелері әлеуметтік аз қамтылған,

Мектебіміздің 4А, 4Ә, 5А, 5Ә сынып оқушылары, сынып жетекшілерімен «Balaland» ойын-сауық кешеніне барып, көңілдерін көтеріп, уақыттарын қызықты өткізді.

Балалар жылы мен Балаларды қорғау күніне орай, баяндауыш сынып оқушылары «Жалын» кинотеатрына киноға барып, жақсы демалыс болды.
01.06.2022ж. мектебіміздің ауласында оқушылар арасында «Балаларға күн шуағын сыйлайық» асфальтқа сурет салу сайысын Жауғашты Әсем өткізді.
Сайыстың мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
01.06.2022 жылы күні 1 маусым–Балаларды қорғау күніне және Балалар жылына орай, «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл, тәлімгер Унайбаева Жумагуль ұйымдастыруымен мектебіміздің ауласында өтті. Оқушыларды бүгінгі мерекемен мектебіміздің директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы құттықтап сөз сөйледі. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар әндерін шырқап, тақпақтарын айтты. Мектебіміздің мұғалімдері, мамандары кейіпкерлердің киімдерін киіп, балаларға ойындар ұйымдастырып қуантты. Оқушылардың орындауында хор «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен мерекелік шара аяқталды.
25
Мамыр
2022
|

26.05.2022ж. Балалар жылына орай, «Медина» ойын-сауық кешеніне бастауыш сынып оқушылары ойнап, көңілдерін көтеріп келді.

25.05.2022 жылы күні жоспар бойынша мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын мектеп ауласында өткізілді, алаң мерекеге сай жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілген. Соңғы қоңырау жүргізушілердің дайындаған өлең шумақтарымен басталды.
18
Мамыр
2022
|

18.05.2022 жылы күні мектебіміздің бастауышпен қоштасу «Қош бол, бастауышым-балбұлағым» атты мерекелік шарасы өтті.
Шара мерекеге сай жалаушалармен, шарлармен, плакаттармен безендірілген. Жүргізушілер мерекеге байланысты өлең шумақтарын оқып, мектеп директорына бүгінгі шараны ашып беруге сөз кезегін ұсынды.