МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
24
Мамыр
2023
|

24.05.2023 жылы күні «Білім кілті-бастауышта» бастауышпен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 12 күні барлық мектептерде (мемлекеттік, жекеменшік) жоспар бойынша өрттен сақталу жұмыстары атқарылып өтті. Жаңаөзен қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Елубаев Жасұлан Есболұлы өртке қарсы түсіндірме жүргізіп нұсқаулық пен таныстырды. Төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектеп қызметкерлері, оқушылар арасында алгоритімдерге сәйкес нұсқау жүргізіп, эвакуациялау шараларын ұйымдастырылды. Өрт дабылы белгі берген соң мекеме ішіндегілер бірден сыртқа ағылды. Техникалық құралдардың (турникет, дабыл түймелері, бейнекамера) жұмыс істеуін тексеру, дабыл түймелері арқылы шақырылған жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет ету қаралып тексерілді.
11
Мамыр
2023
|

11.05.2023ж. бастауыш сыныптар арасында «Отбасым және мен» атты отбасылық сайысы өтті.
Эстафетада орындарға, номинацияларға ие болған отбасылары марапатталды.

11.05.2023жылы күні «Өз өлкеңді көркейтуге үлес қос!» атты тақырыпта мектеп ауласын, сыныптарды көгалдандыру жұмыстары жасалды. Шараның басты мақсаты-мектеп аймағын көгалдандыруға үлес қосу арқылы көркейту.
Мектеп ауласына әр сыныптан 50 шақты ағаш отырғызылды. Қазақта «Артыңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөзі бар. Бүгінгі отырғызылған әр талдың жемісі келешекте ұрпақтарға естелік болар деп мектебіміздің сынып жетекшілері ата-анамен бірлесе отырып мектеп ауласына алма, өрік, алмұрт ағаштарын отырғызды.

05.05.2023жылы күні «Ешкімде ешқашан да ұмытылмайды!» атты тақырыпта жоспар бойынша оқушылардың бойында Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ардагерлер үйі және мұражайға оқушылармен саяхат ұйымдастырылды.
Мұражай қызметкерлері оқушыларды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Оқушыларымыз мұражай қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды. Балалар аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы ардагерлер үйіне де саяхат жасады. Ардагерлер үйінің меңгерушісі Күмісбаев Жүзбай оқушыларға Ұлы отан соғысының ардагерлерінің есімдерін атап таныстырды. Ардагер аталарымыздың соғыста қиын өмір кешкендері туралы мағлұмат берді. «Мәңгілік алау» алаңында оқушылар сынып жетекшілер мен бірге естелікке суретке түсті.

04.05.2023 жылы күні жоспар бойынша мектебіміздің музыка жетекшісі Сериков Арсеннің ұйымдастыруымен 7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің- ұрпағы қайсар» атты жігіт сұлтаны байқауы өтті.
«Жігіт сұлтаны» байқауының қорытындысы:
Бас жүлде «Жігіт сұлтаны» номинациясы-Толыбай Нұр
4
Мамыр
2023
|

2023 жылғы 4 мамырда сағат 10.00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай "Жаңаөзен арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері мен оқушылары бір уақытта диктант жазды.

2.05.2023 жылы күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» яғни туған өлке табиғатына оқушылармен бірге сынып жетекшілер саяхат жасады. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы комитетінің басшысы Нурмухамбетов Ж.Э меңгерушісі Хажабаева С.О оқушыларды жақсы қарсы алды. Үстірт қорығының меңгерушісі саяхат барысында оқушыларды өсімдіктердің, жануарлардың және теңіз бұйымдарының түрлерімен таныстырды. Соның ішінде «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерге