МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
17
Мамыр
2022
|

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. 2022жылы 17 мамыр күні Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жанаөзен арнайы мектебінде» мектепшілік «Эстфеталық сайыс» спорттық іс-шаралар өткізілді.

2022 жылы күні 9 мамыр –Жеңіс күніне орай, сынып жетекшілер сабақ кестесі бойынша «Ұлы жеңіс- жасасын» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
Шара мерекеге сай акт залда өткізілді. Жоспар бойынша сынып жетекшілер кезеңменен уақытылы өтті. Мұғалімдер жоспарларын әдемі дайындаған.

2022 жылдың сәуір айының 30 күні Ақтау қаласында тірек-қимылы аппараты зақымданған және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында боччадан облыс біріншілігі өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға бейімдеу, бала тұлғасының үйлесімді дамуына жәрдемдесу, паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды дамыту.

29.04.2022 жылы күні 1 мамыр- Бірлік күніне орай «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты тақырыпта мектебіміздің музыка жетекшісі және тәлімгері Унайбаева Ж. ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара мектебіміздің акт залында өтті. Мерекеге сай әр сыныптың оқушылары өзге ұлттардың киімдерін киіп, дәстүрлерін дәріптеді. Баяндауыш сынып оқушылары Түркмен, Қытай, Орыс, Татар ұлттарының ұлттық киімдерімен ортаға шығып әндерін айтып, сәлемдесу рәсімдерін көрсетті.

Ақтау қаласында Балалар жылына орай, шағын футболдан 2022 жылдың 29 сәуір күні ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында облыстық жарыс өтті.
Ақтауда 16-21 жас аралығындағы ерекше балаларға арналған «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша облыстық жарыс өтті.
Балалар жылына орай, 15 сәуір күні «Аяулы алақан» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Балалар жылына байланысты ұйымдастырылған қайырымдылық акция қарсаңында мектебіміздің ұстаздары 60000 теңге (алпыс мың теңге) қаржылай көмек көрсетті. Берілген қаражат мектебіміздің әлеуметтік қолдауды қажет ететін екі оқушы отбасына берілді.

«Жаңаөзен арнайы мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, мектебімізде спорттық іс-шаралар өкткізілді. Атап айтқанда оқушылар таңғы жаттығу жасап және флеш-моб билеп, алыс қашықтыққа жүгіріп өз ара бақтарын сынасты.
15
Сәуір
2022
|

22 наурыз –ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні арнайы орындарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Одан әрі бұқаралық мереке Наурыз шеруге ұласады. Сахнада ұлттық ойындармен ән айтуға ұласады. Осы орайда мектебімізде үйден оқытатын ұстаздардың жауапкершілігімен мерекелік шара өтті.
Шара барысы мектебіміздің музыка жетекшісі Жолдыбаев Еламанның орындауында «Наурыз» әнімен басталды. Әрі қарай мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы Наурыз мерекесімен ұстаздарды, кіші қызметкерлерді құттықтап сөз сөйледі.