ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

15
Қараша
2022

21.10.2022 ж.  мұғалімдер және оқушылар арасында 25 қазан Республика күніне орай, ұлттық спортты насихаттау мақсатында тоғызқұмалақ ойынынан сайысып, ұстаздар және оқушылар бақтарын сынады және тағы шашка, шахмат спорттық ойынынан мектепшілік жарыс өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзді  ОІО Момбаева Айгуль Толекбайқызы оқушыларды, ұстаздарды Республика күнімен құттықтап, ұстаздар және оқушылар қауымына жаңа табыстар мен жаңа белестер тіледі. Жарысымызды Қазақстан Республикасының ән ұранын бәріміз бірге шырқап, аталған жарысымызды бастап кеттік.

15
Қараша
2022

17-21.10.2022 жылы күні аралығында мектебіміздің медбикесі және психиатр дәрігердің тарапынан «Денсаулық-көңіл айнасы» атты тақырыпта кеңес өткізді.

15
Қараша
2022

Халқымыз бағзы заманнан толеранттылық, қамқорлық, мейірімділік пен жұмыла көмек көрсету сияқты қасиеттерімен, мәдениетімен тарих беттерінде келе жатыр. Бүгінгі таңда сол баба дәстүрі, асыл қасиеттері мызғымастан жалпыұлттық ауқымға ие болып келеді. 

Ұлтымызды ұлықтап, жасампаздық, татулық және қайырымдылық мәдениетін одан әрі дамыту үшін ұлттық мереке Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында «Жанашыр Жүрек» халықтық акциясын өткізу республика көлемінде жоспарланған болатын.

15
Қараша
2022

Қазан айында мектебімізде жоспар бойынша сынып жетекшілер оқушылардың қатысуымен челлендж ұйымдастырды. Құттықтау челлендж барысында әр сыныптың оқушылары Республика күніне құттықтау тілектерін, патриоттық әндерін, өлең шумақтарын оқып, би жаттығуларын орындап, өз үлестерін қосты. Оқушылардың қатысуымен орындалған челлендж мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды. Барлық сыныптардың түсірген бейнеролигін қорытындылап акт залда көрсетілді. Арнайы челлендж ай бойы жалғасты. 

31
Қазан
2022

30.09.2022 жылы күні мектебімізде қазан  айының бірінші күнінде дәстүрлі мерекемізге айналған қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта қарттармен кездесу өтті. Мектебімізде қазыналы қарттар күніне орай өткізілген іс-шаралардың жастар бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, оралы сөздерден өнеге алуға баулуда атқаратын рөлі ерекше екені сөзсіз.  Қарты бар үйдің - қазынасы бар деп дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя  - шынында да, қазыналы берекелі жанұя. Өйткені кез келген ата – ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.

13
Қазан
2022

Бар мейіріміміз балаларға!

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

         Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

         «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»,-деген екен дана халық. Қайырымдылық –халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Бар мейіріміміз балаларға!» дегендей қамқорлықты алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

4
Қазан
2022

2022 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызы мектебімізде «Ұстаз аты биік,  әрі мәңгілік» атты тақырыпта мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл Ордалықызының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын мектебіміздің басшысы Жалмуханова Ақсауле Есбайқызының құттықтау сөзімен ашылды. Мектебіміздің басшысы ұжымды мерекемен құттықтап, ұстаздарға Маңғыстау облысының білім басқармасы, облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс және құрмет грамоталарымен марапаттады.

24
Қыркүйек
2022

15-23.09.2022 жылы күні аралығында жолда жүру ережесі мен қауіпсіздігін сақтау айлығы барысында жоспар бойынша «Жолдан абай бол!» атты сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .