ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

28
Сәуір
2023

Көктем келді ... Бұл табиғаттың оянатын уақыты ғана емес, сонымен қатар тазалық пен тәртіп орнататын уақыт. Біздің мектепте көктемгі сенбіліктер өткізу дәстүрге айналды. Сондықтан сәуір айы - ауланы, қаланы, жерді тазалаудың дәстүрлі кезеңі.

         Осы орайда биыл 2023 жылдың сәуір айында ай бойы мектеп ауласында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке барлық мектеп ұстаздары мен мектеп әкімшілігі және қызметкерлерде ат салыса қатысты. «Біз тазалықты сүйеміз» ұранымен мұғалімдер мектептің ауласын қоқыстардан тазалап, ағаштардың түптерін қопсытып, суарды. Ағаштардың артық бұталарын кесіп, көгалдандыру, әктеу жұмыстарын жалғастырды. Мектеп ауласы тазарып, көрікті аулаға айналды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп мектеп ұжымы ұйымшыл ауызбіршілікпен сенбілікті аяқтады.

28
Сәуір
2023

28.04.2023 жылы күні мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай  «Татулығымыз бір шаңырақ астында!» тақырыбында мерекелік іс шара өтті.

            Мерекелік шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Шара сайыс түрінде өтті.  Әр сыныптар өзбек, қазақ, орыс, үнді, түркмен ұлттарының биін билеп, өз тілдерінде таныстырып, тілектерін білдірді. Киім үлгілерімен көрерменді таң қалдырды. Мерекелік шара соңында мектеп директоры бірлік күніменен барша ұлт өкілдерін құттықтап, тілегін білдірді. Мерекелік шара «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды, естелікке суретке түсті.

27
Сәуір
2023

Көктем келді ... Бұл табиғаттың оянатын уақыты ғана емес, сонымен қатар тазалық пен тәртіп орнататын уақыт. Біздің мектепте көктемгі сенбіліктер өткізу дәстүрге айналды. Сондықтан сәуір айы - ауланы, қаланы, жерді тазалаудың дәстүрлі кезеңі.

         Осы орайда биыл 2023 жылдың сәуір айында ай бойы мектеп ауласында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке барлық мектеп ұстаздары мен мектеп әкімшілігі және қызметкерлерде ат салыса қатысты. «Біз тазалықты сүйеміз» ұранымен мұғалімдер мектептің ауласын қоқыстардан тазалап, ағаштардың түптерін қопсытып, суарды. Ағаштардың артық бұталарын кесіп, көгалдандыру, әктеу жұмыстарын жалғастырды. Мектеп ауласы тазарып, көрікті аулаға айналды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп мектеп ұжымы ұйымшыл ауызбіршілікпен сенбілікті аяқтады.

18
Сәуір
2023

2023 жылдың сәуір айында ай бойы еңбек пәні мұғалімдері «Құстар – біздің досымыз» атты тақырыпта құстарға ұя жасау акциясын ұйымдастырды.

12
Сәуір
2023

12.04.2023 күні Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Аяулы алақан" қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Жәрмеңкені өткізудегі мақсат: мектебіміздегі өмірлік қиын жағдайдағы, әлеуметтік көмекті қажет ететін ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларымыздың отбасына көмек көрсету.  Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс ұйымдастырылған бұл жәрмеңкеге мектебіміздің ұстаздары үлкен үлес қосты.

7
Сәуір
2023

      7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Осы атаулы мерекеге орай,  «Денсаулықты сақтау бұл сәнді» тақырыбындағы мектеп ұжымы және оқушылардың бірлескен түрдегі іс-шаралары өткізілді. Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара болғандықтан мектеп ұжымы белсене ат салысты.

3
Сәуір
2023

2023 жылдың сәуір айының 3-ші жұлдызында логопед Жұмабаева Ақсана «Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі» атты тақырыпта ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Аутизм туралы түсінік беру, оның пайда болу себептері мен түзету жодарымен таныстыру. Тәжірибе жүзінде үй жағдайында ойнауға болатын ойын түрлерін көрсету.

2
Сәуір
2023

Іс-шараның мақсаты: Аутизм туралы ақпарат беру. Аутизммен ауыратын оқушылармен қарым қатынас жасау.  Концерттік бағдарлама.              

Аутизм күніне арналған іс-шарада, Аутизм туралы көптеген ақпараттар берілді.  Аутизмнің белгілерімен таныс болу үшін бейнеролик көрсетілді. Мектебіміздің 6 сынып оқушысы Сүйіндік Аслан «Қазақ жастары» әнін орындады. Логопед Жарылқасынова Гүлжанат балаларға қызықты ойындар жүргізді. Музыка пән мұғалімі-Сериков Арсен «Анашым» әнін орындады. Түзету мамандары  «Бақытты балалық шақ» хор орындады.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .