МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
15
Сәуір
2022
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз –Шымырлық пен шеберлік күні. Бұл күні ұлттық спорттық және қолөнер шаралары өтеді. Осы орайда мектебімізде Шымырлық пен шеберлік тақырыбына байланысты дене, еңбек пән мұғалімдердің жауапкершіліктерімен спорттық және қолөнер іс-шаралары өз деңгейінде өтті.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
18 наурыз-Игі істер күні. Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Жаппай халықтың қатысуымен тазалықтар өткізіледі. Аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Осы орайда мектебіміздің әлеуметтік педагогы Ислам Майраның ұйымдастыруымен мектебімізде Игі істер қайырымдылық шарасы өтті.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
17 наурыз –Тарихқа тағзым күніне орай мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Беробаева Айгүл Ордалықызы және тәлімгер Унайбаева Жансұлу жауапкершілігімен мектеп жасындағы оқушылардың caнacынa ұлттық құндылықтapымызды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында оқушыларды автобуспен Жаңаөзен қаласындағы мұражайға апарды.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
16 наурыз -Шежіре күні. Қазақстанда 14 наурыз - Амал мерекесі болса, бүгін, яғни 16 наурыз - Шежіре күні болып белгіленген. Қазақ - ата тек, арабтар шежіре - бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Осы орайда мектебімізде тәлімгер Унайбаева Жұмагүлдің ұйымдастыруымен
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз –Жайлау күні. Бұл күні адамдар үй-жайын, мекемелер кеңселерін тазартады, алаңдарды сыпырып, қардан, қоқыстан тазартады. Реніштерін кешіріп, бір-біріне қонаққа, серуенге, қыдыруға шақырады. Сондай-ақ, елдімекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі.
Жайлау күніне орай еңбек пән мұғалімі Бекишов Оразбай оқушылармен бірге табиғат аясында серуендеу, көшет егу, қоқыс тазарту шараларын ұйымдастырып сенбілік жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен бірге мектептің ауласына тазалық жұмыстарын жасап, жерлерді қопсытып, ағаштар отырғызды. Өсіп тұрған ағаштарды әктеп жан-жағын қоқыстардан тазалап,тазалық жұмыстарын жүргізді.
15
Сәуір
2022
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Наурыз мейрамы іс - шараларында ұлттық құндылықтарды дамытып, ұлттық киімдерді кию, халық ойындарын ұйымдастыру, қоғамдық орындарда ұлттық музыканы ойнатуды қамтамасыз ету, салт-дәстүрді жаңғырту, оның өскелең ұрпақ арасында маңыздылығын ілгерілету арқылы өтетін мерекелердің бірі. Мектебімізде 14-22 наурыз аралығында мерекелік шара өтті.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
04.03.2022 жылы күні көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне, орай жас мамандар жетекшісі Карасаева Назгүл жас мамандар арасында «Жарқыра, жаса, жас маман!» атты байқауын өткізді.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
28.01.2022 жылы күні мектебіміздің жас мамандар жетекшісі Карасаева Назгүл «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты тақырыпта мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өткізді.