МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
10
Қазан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Кайрлиева Рабиға Мұратқызы- ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин иегері, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-нің ардагер ұстазы. Педагогикалық өтілі -40 жыл.
Педагогика саласында үздіксіз еңбек еткен, ұстаздар мен оқушылар арасында зор беделге ие болды. Бүкіл саналы ғұмырын бала оқыту мен тәрбиелеуге жұмсаған ұстазды өз ісінің маманы деп айтуға әбден болады.
«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» демекші, Рабиға Мұратқызын өзінің еңбек жолында қандай ұстаз екенін дәлелдеген үздік ұстаздардың бірі. Ұстазымызды Еңбек күнімен құттықтай отырып, толағай табыс тілеп, зейнеткерлік демалысының сәтті болуына тілектеспіз. #еңбеккүні #еңбекадамы
10
Қазан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Жалмуханова Аксауле Есбаевна-«Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ-нің директоры, басшы-ұйымдастырушы. Педагогикалық өтілі –33 жыл.
Жалмуханова Аксауле Есбайқызы-1972 жылдың желтоқсан айының 8-ші жұлдызында, Туркменстан Республикасы, Небит-Даг қаласында дүниеге келді. 1991 жылы Ақтау қаласының Маңғыстау педагогикалық колледжіне түсіп, балабақша тәрбиешісі мамандығын 1994 жылы алып шықты.
Ұрпақ болашағы- ұстаздан. Ұстаз болу- жүрек жылылығын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту десек «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ-нің басшысы Жалмуханова Ақсәуле Есбайқызының бұл саладағы еңбегі зор.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Республика көлеміндегі «Абайлаңыз, балалар!» жолда жүру ережелерін сақтайық акциясы аясында, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.О.Беробаева және мектеп инспекторлары М.Қосанов, Қ.Житибаевтың қатысуымен сынып сағаты өткізілді. Білім алушыларға мектеп жанындағы жол жолақтарынан өту ережелерін сақтау, тыйым салынған жерлерден өтпеу, бағдаршам т.б. ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткізілген шара бойынша ұйымдастырылған челлендж Облыстық арнайы мектеп-интернатына жолданды.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Республикалық «Мектепке жол» акциясы тамыз айында өткізілді. Акция қарсаңында қаламыздағы атаулы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мекемесіне әлеуметтік аз қамтылған, жартылай жетім және тұлдыр жетім отбасы балаларына қолдау көрсетуге хат жолданды. Нәтижесінде мектебіміздің 8 оқушысы оқу құралдармен қамтамасыз етілді.
9
Қазан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Ерекше балалар әрқашан ерекше көзқарасты қажет етеді. Ал бүгінгі қоғамда ерекше балаларды оқыту ерекшелік емес. Дамуында кемістігі бар балалар ата-анасының назарын арттыруды, білім беру мен оқытудағы ерекше көзқарасты ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардың көмегін үнемі қажет етеді. «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектер күніне аясында «Мейірімділік» тақырыбында қайырымдылық іс-шара өткізді.Педагогикалық ұжым ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнап үнемі түрлі іс-шара өткізуді және ондай балаларды назарда ұстауды ешуақытта күн тәртібінен түсірген емес. Үйден оқитын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың көңіл-күйін көтеруді мақсат еткен ұйымдастырушылар бұл жолы қайырымдылық акциясы өткізуді ұйғарды.
«Қолымыздан келгенше балаларды оқшауландыратын кедергілерді алып тастап, олардың өз отбасыларына жақын болып, жақсы білім алып, қоғамдастыққа қатыса алатындай мүмкіндік жасауды іске асыру - әр педагогтің асыл парызы» -дейді ұжым мүшелері.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
2023 жылдың қазан айының 5-ші жұлдызы мектебімізде «Ұстаз-мектептің жүрегі» атты тақырыпта мектебіміздің Жас мамандарының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын «Ерке сылқым»күйі мен ашылды.Мектебіміздің басшысы Жалмуханова Ақсауле Есбайқызының құттықтау сөзін айтты. Мектебіміздің басшысы ұжымды мерекемен құттықтап, ұстаздарға Маңғыстау облысының білім басқармасы, облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс және құрмет грамоталарымен марапаттады. Салтанатты жиын жоғарғы деңгейде өтті.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
27.09.2023 жылы күні мектебіміздің жас мамандарымен бірлесе отырып, қолдау көрсетіп, еңбек ардагерлеріне арнап «Ұзақпай жырау Қазжанұлы» атындағы мәдениет үйінің өнерпаз жастарымен бірге «Еңселі еңбек- ел ертеңінің кепілі» атты мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында жас мамандарымыз ән айтып, қызықты ойындармен жалғастырды. Әрі қарай ардагер ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміздің еңбек жолындағы өмірінен слайдттан үзінді көрсетті. Мектеп директоры Жалмуханова Ақсауле Есбайқызы елеулі еңбек жолында жүрген қызметкерлерімізді құттықтап, ардагер ұстазымыз Кайрлиева Рабиға Мұратқызы, Бекишов Оразбай, Ботабаева Аманбике, Кемалова Айбибі, Тлесова Слушаны марапаттап, мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
22
Қыркүйек
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
22.09.2023ж. күні дене шынықтыру пән мұғалімдері, ұстаздар арасында «Менің жетістігім- менің нәтижем» ұранымен спорттық шара өткізді. Ұстаздарымызды алдымен спорттық шараның мақсатымен таныстырып, шараны қызықты ұйымдастырды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Тұтастай алғанда сайыс көтеріңкі көңіл күй мен достық қарым-қатынаста өтті.