МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
1
Желтоқсан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
30.11.2023 жылы күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Мурзабаева Бағила және дефектолог маманы Жауғашты Әсем өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез-құлық нормасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылдануы мен нығайтылуына ықпал ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылардың санасын қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына оқушыларды тарту мақсатында 1-10 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты тақырыпта сурет байқауын өткізді.
1
Желтоқсан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Ақтау қаласы, 17 шағын аудандағы “Халық Арена” спорт кешенінде 3-ші желтоқсан - “Халықаралық мүгедектер күні” және “Ақтау қаласына 60 жыл” мерейтойына байланысты “Балалар болсын бақытты” атты облысымыздың ерекше балаларының бейімдік спорт фестивалі өткізілді.
1
Желтоқсан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
27.11.2023 жылы күні мектебіміздің тәлімгері Туякбаева Жадырасын 5-10 сынып оқушылары арасында «Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлем үшін» атты тақырыпта сурет байқауын өткізді.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және сыбайлас жемқорлық фактілеріне теріс көзқарасқа, жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді қалыптастыру.
1
Желтоқсан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
17.11.2023ж күні Жаңаөзен қаласының 55 жылдығына орай "Кендірлі ауылдық мәдениет үйі" мекемесінің ұйымдастыруымен "Жаңаөзен аруы-2023" байқауы өтті.
Аталған байқауда мектебіміздің логопед маманы Қуанышбекова Маржан Асқарқызы бақ сынады. Байқау барысында Маржан Асқарқызы өнерімен, тапқырлығы және біліктілігімен, сұлулығымен көзге түсіп "Көрермен көзайымы" номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!!!
1
Желтоқсан
2023
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
16.11.2023 жылы күні мектебімізде оқушылар арасында «Күзгі балл-2023» атты байқау өтті. Іс-шара мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастырып, әсемдікке, сұлулыққа баулу, шығармашылық қабілеттері мен ой ұшқырлығын дамыту, оқушылардың қоғамдық өмірге, мәдени – көпшілік шараларға белсенді қатысуына ықпал ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
2023 жылы қараша айының 14 жұлдызында «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың ұйымдастыру негізінде «Қатыгездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Әңгіме сағат барысында оқушыларға презентация арқылы оқушыларға, қатыгездік, тұрмыстық зорлық-зомбылық және оқушылар арасындағы буллинг туралы ақпарат беріліп, алдын-алу шаралары бойынша видео ролик көрсетілді. Сонымен қатар сенім телефондары туралы жадынама берілді.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Бұқаралық спортты дамыту жолында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен аранайы мектебі» КММ мұғалімдер арасындағы үстел теннисінен мектепшілік сайыс өткізілді.
2023 жылдың қараша айының 10 күні Жаңаөзен арнайы мектебінде өткізілген үстел тенниисінен жарыс өте жоғары деңгейде өтті.
Спорттық жарыстың ашылу салтанатына мектебіміздің директордың тәрбие жөніндегі орынбасы Беробаева Айгүл спорт сүйер ұстаздарымызға сәттілік тіледі.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспар бойынша әртүрлі іс-шаралар мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен атқарылды. Мектебімізде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды» насихаттайтын, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал мектеп» ерікті мектеп клубы құрылған.