МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|

2021 жылы 25 мамыр күні мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиыны акт залда өтті, зал іші шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ «Соңғы қоңырау» салтантты жиынын өткізуге арналған арнайы сценарий құрылып, мереке осы сценарий арқылы өтті. Салтантты жиынның өтілу барысы төмендегідей:
23
Наурыз
2021
|

22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні" қарсаңында жылда өтетін дәстүрге сай қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесіне орай, мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысы той әнімен басталып, Қыдыр атаның батасымен жалғасып, қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық ойындармен концерттік бағдарламамен жалғасты.
22
Наурыз
2021
|

21 наурыз күні сыныптар арасында ұлттық тағамдар күніне орай, сайыс ұйымдастырылды. Әр сыныптың сынып жетекшілері оқушылармен бірлесе отырып ұлттық тағамдардың түрлерін дайындады. Әділқазылар алқасы тағамдарға дәмді бағаларын беріп, тілектерін білдірді.
20
Наурыз
2021
|
«Жаңаөзен арнайы мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың 19 наурыз күні – Шымырлық пен шеберлік күні, «Ұлыстың ұлы күні - наурыз» мерекесіне орай қазақтың ұлттық спорт түрлерінен арнайы мектеп ұжымдастар арасында сайыс өкткізілді. Атап айтқанда, бес тас, ләңгі тебу, қол күрестіру және арқан тартыстан сайысып, өз ара бақтарын сынасты. Жарыс жоғары деңгейде өтті, арнайы алғыс хаттар мен мақтау қағаздары және медальдар табыс етілді. Мерекелік іс-шара жақсы деңгейде аталып өтті.
19
Наурыз
2021
|
Халқымыздың ұлттық мейрамы, қыс артынан жер жаһанға жан бітіріп, тіршіліктің тынысын кеңітетін, ізгілік пен мейірімнің күні – Наурыз мерекесі. Осынау ұлы мереке қарсаңында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18 наурыз- «Игі істер күні» атты қайырымдылық акциясы өткен болатын.

16 наурыз – "Шежіре күні", 17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні" мерекесі және М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай, «Поэзия-жүрек тілі» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға мектептің қызметкерлері қатысып, М.Мақатаевтың өлеңдерін, әндерін айтып, сұрақтарға жауап берді.
16
Наурыз
2021
|

15 наурыз – "Жайлау күні" мектебіміздің ауласында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бастауыш, баяндауыштың сынып жетекшілері мектеп ауласына 2 данадан тал отырғызып, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдер жақсы тілектерін айтып, ағаштардың жан-жағын қопсытып тал отырғызуды жалғастырды.
15
Наурыз
2021
|

Биыл 2021 жылы мектебімізде 14-23 аралығында Наурыз мерекесіне орай онкүндік іс-шаралар жоспар бойынша өтті.