МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
---|
26
Наурыз
2025
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
✨✨✨ Наурыз-құтты болсын! ✨✨✨
Құрметті қазақ елі! баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Барша әлем жаңарып, жайқала түскендігінен болар жаңа жыл деген атқа ие болғандығы.Қазақ халқы осы күнді асыға күтіп, дәл осы мерекені одан әрмен думанға айналдыратыны бәрімізге мәлім. Осынау мейрамда ақ тілектер мен жылы лебіздер жауатын күн. 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін, Қариялар кемсеңдеп бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!
#наурызнама20202025
18
Наурыз
2025
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
18 наурыз –Ұлттық киім күніне орай мұғалімдер мен оқушылар арасында қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеу мақсатында шара өткізілді. Бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды еске алатын ерекше күн. Шараға барлық оқушылар мен мұғалімдер белсене қатысты.
#наурызнама20202025
18
Наурыз
2025
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
17.03.2025 жылы күні Шаңырақ күніне орай «Наурыз көктем» атты ұлттық тағамдардан достық дастарханы жайылды. Сондай-ақ, көрмеде ұйымдастырылды. «Достық көктем» дастарханына «Әжелер, Аналар мектебі» мүшелері қатысты.
#наурызнама20202025
18
Наурыз
2025
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай, мектебіміздің бір оқушысына ұжым атынан аяқ киім және спорттық киіммен қолдау көрсетілді.
#наурызнама20202025

18
Наурыз
2025
|
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
14 наурыз-Амал мерекесіне орай, сынып жетекшілер «Наурыз-жыл басы» атты тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағатында мерекенің шығу тегі, оның қазақ мәдениетіндегі орны, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, қолөнер және т.б. туралы әңгімелер айтылды.
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекенің бірі «1 наурыз – алғыс айту күні». «Алғыс айту» күніне орай мектебімізде тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттары алғыс айтумен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты. Мереке қарсаңында оқушылар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлады.
View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php?start=24#sigProIdf35c9eed9e
- Категория: ЖАҢАЛЫҚТАР