ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мангистауская область, г.Жанаозен, Микрорайон РАХАТ , Улица БАЛГЫМБАЕВА, 1
872934-71113,87756183085
skshs5@mail.ru

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖАҢАӨЗЕН АРНАЙЫ МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

МЕНЮ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Feed not found.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР



 





СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

18
Ақпан
2025

Жаңа жылдық көңіл-күйді сыйлау  мақсатында мектебімізде "Қош келдің,Жаңа жыл!” атты ертеңгіліктер өткізілді. Жаңа жылда мектебіміздегі барлық 143 оқушыны сыйлықтармен қамтамасыз еткен "Бұрғылау" ұжымына алғыс білдіреміз!!! 
#жаңажыл #2025
 
View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php?start=32#sigProId4038bf87f7
25
Желтоқсан
2024

Шараға облыс әкімі Н.Қилыбай, облыстық мәслихат хатшысы, департамент, басқарма басшылары, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелері, ардагер ұстаздар, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жаңа жылдық шыршаға мектебімізден 9 жастан 13 жасқа дейінгі  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 3 бала іріктеліп қатыстырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті атынан құттықтау хаты, 120 000 (жүз жиырма мың) теңгенің сертификаты және жаңа жылдық тәттілер сыйға тартылды.

Балаларға «Grand Nur Plaza» салтанат залында мерекелік түскі ас берілді.

View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php?start=32#sigProIdae4f27cbb8

13
Желтоқсан
2024

Жанашырлыққа жан риза дегендей аз қамтылған отбасы, жартылай жеті, тұлдыр жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыры, қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның, азаматттық парызы. Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Бүгінде сондай игі істер,түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Сондай жандардың бірі Арнайы инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми практикалық Орталығымыздың аға ғылыми қызметкері, филиология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының Президенті Сейсенова Алмагүл Дәулетқазықызы. А.Д.Сейсенова 2024жылдың қараша айында біздің өңірге Ақтауға іссапармен келді. Сол уақытта біздің мектеппен танысу мақсатында, арнайы мекемемізге бас бұрды. Осы сәтті пайдалана отырып, А.Д.Сейсенова мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына 17 дана ақ футболка, 18 дана лонгслив,  6 дана толстовка (41 дана) үлестіріп, қайырымдылық көмек көрсетті.

View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php?start=32#sigProIdd6e76d7417

13
Желтоқсан
2024

Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын.Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз. 
#Жаңаөзенарнайымектебіұжымыныңатынан
#Тәуелсіздікке33жыл
#Тәуелсіздіктұғырым

13
Желтоқсан
2024

16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Мерекеге орай мектебімізде «Тәуелсіздік тұғырым»тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 

Мақсаты: Тәуелсіздіктің құндылығын түсіндіру. Оқушыларды елін сүйюге және ұлттық мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы бабалар ерлігін үлгі ету.

Тәрбие сағаттың барысында оқушылар еліміздің тарихына шолу жасап, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндерді шырқап, концерттік бағдарламамен жалғасты.

View the embedded image gallery online at:
https://sksh.edu.kz/index.php?start=32#sigProId9a5212fa91

9
Желтоқсан
2024

06.12.2024 жылы күні «Әжелер, Аналар, Жеңгелер,» мектебінің жоспары бойынша мектебіміздің еңбек пән мұғалімдері Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту мақсатында «Ұлттық тағамдар» атты шеберлік іс-шарасын өткізді.

9
Желтоқсан
2024

29.11.2024 жылы күні «Қауіпсіз балалық шақ» науқаны аясында эстетика пән бірлестігі тақырыпқа сай қойылым қойды. Қойылым тақырыпқа байланысты өрт қауіпсіздігі, салауатты өмір салты, қауіпсіз шақтық шаралары бойынша ұйымдастырылған. Көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады.
9
Желтоқсан
2024

29.11.2024 жылы күні аралығында дене шынықтыру пән мұғалімдері Наукебаев Ғабит, Ізімбергенов Нұрсерік, Қаракулова Бибігүл  «Қауіпсіз балалық шақ» науқаны бойынша профилактикалық жаттығуларын жүргізді.

© 2025. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Жаңаөзен арнайы мектебі" .